
Бүгін, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Нұра ауданының Нұра және Құндызды өзендеріне мониторинг жүргізу кезінде Қарағанды облысының Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жағалаудан алыс жерде әлсіз елікті байқады. Құтқарушылар қайықпен жүзіп барып, елікті резеңке қайыққа көтеру арқылы қауіпсіз жерге - құрлыққа жеткізіп, босатты. Енді елікке қауіп төніп тұрған жоқ.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі