19 маусым сағат 10:44-те "101" құтқару қызметіне жас ана көмек сұрап хабарласты. Өздігінен есік аша алмай қалған ана, пәтердің ішінде 3 жасар ұлы мен кішкентай қызы бар екендігін хабарлады.
Шақыру орнына Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 10 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шықты.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде кішкентай балалар бар екеніне көз жеткізді.
Балалардың анасы есікті өз бетімен аша алмағандықтан арнайы мамандардан көмек сұраған.
Құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіріп, сыртқы есікті ашып, балаларды анасының қолына табыстады.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі