
Ауылға апаратын жолдағы еріген судың салдарынан ауыл мен аудан орталығы арасында көлік қатынасының болмауына байланысты 2 сәуірде ТЖД қызметкерлері аудан әкімдігімен бірлесіп, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында Қарақой ауылына алдын алу іс-шараларын өткізу үшін күштер мен құралдар, сонымен қатар азық-түлік жеткізілді.
Сондай-ақ, ауылдан тікұшақпен аудан орталығына 15 тұрғын эвакуацияланды, оның ішінде 2 жүкті әйел мен 12 бала.
Тоқырауын өзенінің арнасы бойынша ауылдағы жағдай тұрақты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі