
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімемен қалың халықты қамту мақсатында, Жезқазған қаласының әкімдігімен қалалық жұмыспен қамту орталығынан суға шомылу маусымынан бастап 11 қоғамдық жұмыскер бөлінді. Суға шомылу маусымы кезінде қоғамдық жұмыскерлер санын 20-ға жеткізу көзделіп отыр.
Қоғамдық жұмыскерлердің негізгі мақсаты – халықпен профилатикалық жұмысты жүргізу, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, Кеңгір суқоймасының жағалауын бақылау, су айдынына балалрдың үлкендерсіз келгені және жағалауда спирттік ішімдікті ішу фактілері туралы хабарлау.
Қозғалыс маршрутына шығу алдында, тәжірібиелі құтқарушылар олармен жеке басты қауіпсіздік шараларын сақтау және профилактикалық жұмысты жүргізу тәртібі бойынша нұсқаулық жүргізеді.
Жезқазған қ. ТЖБ