Қарағанды облысында екі тәулік бойы дала өртеніп жатыр

Қарағанды облысында екі тәулік бойы дала өртеніп жатыр

Қарағанды облысында 3500 гектар жерді шарпыған дала өрті екі тәулік бойы жанып жатыр. Күшті жел өрттің тез таралуына ықпал етуде.
Ақтоғай ауданында Айыртас ауылынан оңтүстікке қарай 42 км жерде дала өрті орын алды. Өрт 16 маусымда сағат 13:18-де басталды. Тілсіз жау алдын ала 3500 гектар алқапты жалмаған. Өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ күштері мен құралдары және ерікті өрт сөндіру құралымдары жұмылдырылды.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Қарағанды облысында 91 дала өрті мен жануы тіркелді, олардың ауданы 3700 гектарды құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, өрт қауіпті кезеңде ашық аумақта, ағаш құрылыстарының жанында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге, қалың өскіндерде, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөпті жағуға болмайды. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз. Отпен абай болыңыздар!

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі