
Облыстың кейбір автожолдарында су тасқыны және жолдардың шайылуы тіркелді, атап айтқанда:
- Осакаров ауданы, «Осакаровка-Литвиновское-Тельмано-Молодежное» облыстық автожолының 62 шақырымында, 22-20 26.03. қардың еруінен су жол бойынан асып кетті (ені 30 м, тереңдігі 20 см). 27.03. 11-20-да осы учаскеде ені 2,5 м жол бөлігін шайып кету орын алды (1 су өткізгіш құбыр (диаметрі 800 мм) бар). Жол учаскесі жабық, Молодежный ауылы арқылы балама жол бар.
- Осакаров ауданы, «Осакаровка-Молодежное» облыстық тас жолының 14 шақырымында еріген судың ағуы салдарынан жолдың арғы бетінде (ені 30 м, тереңдігі 20 см) тасқын пайда болды. Бұл аумақта 1 су өткізгіш құбыр (диаметрі 1000мм) бар. Автокөліктердің өтуі жүзеге асырылуда. Су тасқыны болған жерде жол қауіпсіздігін ескертетін белгілер қойылып, күзетшілер мен жол қызметкерлері кезекшілікте.
- Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай – Нүркен» облыстық автожолының 57 шақырымында, 27 наурыз, сағат 12-45. Үлкен көлемді еріген судың ағуы нәтижесінде ені 2 м су өткізгіш құбыр орнатылған жерде жолдың бұзылуы мен шайылуы орын алды. Жол учаскесі жабылды, өтуге тыйым салатын белгілер ілінген, Ақтоғай ауылы арқылы өтетін баламалы жол бар. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда.
- Қарқаралы ауданы, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 138 шақырымы, 27 наурыз, сағат 18-45-тен қардың еруі нәтижесінде жол бойынан су асып кетті (ені 50 м, тереңдігі 3 см). Бұл аймақта 2 нүктелі су өткізгіш құбыр (диаметрі 600 мм) бар. Көлік қозғалысы бұзылмаған. Жергілікті билік алдын-алу шараларын ұйымдастырды. Су басу қаупі жоқ.
- Нұра ауданында 2024 жылғы 27 наурызда сағат 22:10-да Жақсы Көң өзенінен еріген судың қарқынды ағуына байланысты «Қорғалжын-Баршино-Шұбаркөл-Қызылжар» аудандық маңызы бар автожолының 148-ші шақырымында арнасынан тасу басталды, ағынның ені 200 метрді құрайды, су тереңдігі 10-15 см. Бұл аумақта су өткізгіш құбырлар жоқ, жолаушылар көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, «Нұржол Қарағанды» ЖШС қызмет көрсету ұйымы оқиға орнында. Нұра аудандық полиция бөлімшесінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ескерту таспалары мен ескерту белгілері орнатылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі