
24 наурыз 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің алдын - ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі