2024 жылғы 15 наурызда Қарағанды қаласының аумағында кешенді жаттығулардың екінші кезеңі өткізілді.

2024 жылғы 15 наурызда Қарағанды қаласының аумағында кешенді жаттығулардың екінші кезеңі өткізілді.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары пысықталды, атап айтқанда: "Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ" және жеке қорғаныс құралдарын беретін "МАКЕR" ЖШС базасында №14 құрама эвакуациялық пункті өрістетілді.

Кешенді оқу жаттығудың екінші күні Қарағанды қаласының АҚ жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыру мәселелері пысықталды.

Кешенді оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының әкімдігінің ғимаратында оқу-жаттығу жетекшісі азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев АҚ дайындығының жүйесін енгізу кезінде өткізілген іс-шаралар мен кіріспе сигналдар бойынша қалалық АҚ қызметтерінің басшыларын тыңдады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі