
Наурыз мейрамының екінші күні – 15 наурыз – қайырымдылықтың, мейірімділіктің, тату көршіліктің мезгілі.
Бұл мереке қоғамда қайырымдылық пен өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қарт адамдарға тұрғын үйлердің аула аумақтарын қардан тазалауға, сондай-ақ отын шабуға көмектесті.
Айналамыздағы барша адамдарға жақсылық нұрын шашып, игі істер қуанышқа бөленсін деп тілейміз. Жан-жағымызда тек жақсы сөздер естілсін!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі