
Бүгін таңертең сағат 07:00-де Ақтоғай ауданында 14 маусымда басталған ірі дала өрті жойылды. Өрттің жалпы аумағы 1500 га құрады. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің бөлімшелері, "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Ақтоғай орман шаруашылығы" КММ және өртке қарсы ерікті құрылымдар қатысты.
Сонымен қатар өткен тәулікте Қарағанды облысында Қарағанды орман шаруашылығы аумағында 1 орман өрті және Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет, Ұлытау аудандарында 8 дала өрті жойылды. Олардың ауданы 2-ден 49 га-ға дейін болды. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің күштері мен өртке қарсы ерікті құрылымдар жұмылдырылды.
Орман өрті Күзембаев ат. шахта маңында пайда болды. Жалпы ауданы 1,8 га құрайтын құрғақ шөп пен ағаштар жанған.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 87 дала өрттері мен жану тіркелген. Олардың жалпы ауданы 3500 га құрайды.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандар мен далаларда өрт қауіпті кезеңде отты қолдану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі