«Бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары» тақырыбындағы кешенді оқу-жаттығулары.

«Бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары» тақырыбындағы кешенді оқу-жаттығулары.

2024 жылы 14 наурызда Қарағанды қаласының аумағында "Бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары"тақырыбында кешенді оқу-жаттығулардың бірінші күні өткізілді.

Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері, Қарағанды қаласы әкімдігінің аппараты, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия, қалалық азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар тартылды.

Өткізілетін кешенді оқу-жаттығудың мақсаты қалалық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерінде авариялық-құтқару қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдары басшыларының дағдылары мен іс-әрекеттерін оқыту және пысықтау, олардың Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығулар қызметтер мен ұйымдар басшыларының практикалық іс-қимыл элементтерін пысықтаумен, қалалық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғауға дайындық дәрежелерін енгізген кезде азаматтық қорғауды қалыптастырумен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде ықтимал жағдайларды модельдеумен кіріспе кезеңмен өткізіледі.

Қала аумағында бар электр сиреналары мен дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Қалалық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының және адамдарды іздеу және құтқару командасының байқауы өткізілді, сондай-ақ өндірістік объектілерде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына ТЖ режимінде іс-шараларды орындау бойынша тыңдаулар өткізілді.

Кешенді оқу-жаттығудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша 5 қалалық азаматтық қорғау қызметінің дайындығы бағаланды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі