
14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесінде» қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады. Міне, бізде «Наурыз мейрамы» мерекесі аясында Қарағанды облысының азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасымен азаматтық қорғау органдарының дамуына үлкен үлес қосқан ардагеріміз Савчук Любовь Ивановнаға арнайы барып, мерекеcімен құттықтадық.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі