
15 маусымда сағат 09:25-те Абай ауданының Сасықкөл көлінде жағадан 800-900 метр қашықтықта резеңке қайықпен бір адамды жел ұшырып кетті. Құтқарушылар болжамды ТЖ орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шегушіні көлдің қамыс аймағында бір ескексіз резеңке қайықпен тапты. Құтқарылған 1981 жылғы азамат жағаға жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Сол күні сағат 10:20-да Абай ауданының Шерубай-Нұра су қоймасында қатты желден жағадан 1500 метр қашықтықта 2 адам болған резеңке қайықты алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Абай ауданының құтқарушылары ТЖ орнына шығып, іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Балықшыларды тауып, жағаға жеткізді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға шығу қауіпті екенін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту бар.
Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Су айдынында демалу орындарында болған кезде келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
- жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау;
- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға болмайды;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
- жүзу шекарасын белгілейтін буйкалардың артынан жүзуге болмайды;
- жағадан алыс жүзуге болмайды, өз күшін асыра бағаламаңыз;
- жүзуге арналмаған заттарда жүзбеңіз;
- ересектердің еріп жүруінсіз балаларға суға кіруге болмайды;
- тәуліктің қараңғы уақытында шомылмау;
- жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болмауға;;
- су қоймаларын ластамау және қоқыстамау.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі