
Демалыс күндері Қарағанды облысында дала алқаптарының 19 жануы тіркелді, оның 16-сы жойылды.
Осакаров ауданында 40 га аумақта құрғақ шөп жанған. Ұлытау ауданында жалпы аумағы 125 га құрайтын 4 жануы орын алды.
Қарқаралы ауданында жалпы ауданы 135 га болатын бес дала жануы болды.
Нұра ауданында жану алаңы 40 га құрады.
Сондай-ақ Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұқар Жырау аудандарында дала жануы болды.
14 маусымда басталған тағы үш дала жануы әлі жалғасуда.
Ақтоғай ауданында Ортадересін ауылынан солтүстік-батысқа қарай 50 км жерде алдын ала алаңы 47 га құрғақ шөп жанды. Тағы да Ақтоғай ауданында Құсақ ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде шамамен 45 га аумақта құрғақ шөп өртенді.
Ұлытау ауданында Борсенгір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 67 км жерде шамамен 35 га құрғақ шөп өртенді.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері мен ерікті өртке қарсы құрамалар жұмылдырылды.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 82 дала өрті мен жану тіркелген. Жалпы аумағы 2000 га астам.
Көптеген жағдайларда табиғи өрттер адамдардың ұқыпсыздығынан туындайды: тасталған темекі тұқылы, сөндірілмеген алау, қоқыс, күн орнында тасталған шыны және т.б. себептер.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандар мен далаларда өрт қауіпті кезеңде отты қолдану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі