
✅Қарағанды облысында сауда нысандарындағы өрт қаупін азайтуға бағытталған «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өтуде.
📍Акция аясында облыстық ТЖ департаменті бөлімшелерімен сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен кешендерінде өрт қауіпсіздігі заңнамасын сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, оның ішінде меншік иелерімен және жалға алушылармен кездесулер өткізіліп, ұсыныс-пікірлер берілуде.
🔘Профилактикалық акция 23 ақпанға дейін жалғасады.
❗️Қарағанды облысының ТЖД кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.