
⌛️Қарағанды облысының Нұра ауданында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
❗️Нұра ауданында сағат 09.46-да құтқарушылар «Қыздың» базасының қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Медициналық көмек қажет болмады.
17 ақпанда (туыстарының айтуы бойынша) жоғалған ер адам «Қыздың» базасындағы қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.
Ақпанның 18-і күні сағат 07.30-да ТРЭКОЛ көлігімен жедел-іздестіру тобы Нұра ауданының Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды, ол жерде қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін жоғалған азамат жеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына: Әбілдинов Марат, Вицу Александр, Алиев Раис, Гусманов Қанат, Галле Константин, Кеңесов Елдос, Дүйсенбай Қуандық, Шестюк Сергей, Бижан Ерболат қатысты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.