
🤾🏼♂️2024 жылғы 16-17 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің спорт кешенінде Қарағанды қаласының қауіпсіздік және құқық қорғау органдары арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің кубогы үшін шағын футболдан аймақтық турнир өтті.
▶️Чемпионатқа 8 құрама команда қатысты, атап айтқанда: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, полиция департаменті, облыстық прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
🏅Тартысты жарыста Қарағанды облысы ТЖД құрама командасы лайықты түрде 1-орынға, 2-орынға ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы және үздік үштікті облыстық прокуратураның командасы иеленді.
🏆Сондай-ақ турнирдің «Үздік бомбардирі» номинациясында облыстық ТЖД №1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Әлібеков Аспандияр танылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.