
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың 35 жылдығына орай Қарағанды облысы ТЖД-да Қарағанды қаласы гарнизонының жеке құрамының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Департамент бастығы полковник Мұрат Катпанов ҚР ТЖМ басшылығының атынан Қарағанды гарнизонының азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен Ауған соғыстарына медальдар мен грамоталар табыс етті.
Іс-шараға Қарағанды қалалық мәслихатының өкілдері қатысып, өз кезегінде Ауғанстанда кеңес әскерлері құрамында әскери қызмет өткерген азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Салтанатты іс-шара Қарағанды облысы бойынша азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесі ұйымдастырған ауған жауынгерлерінің қатысуымен мерекелік түскі аспен аяқталды.
Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызмет өткерген біздің ардагерлеріміз бен қазіргі қызметкерлерімізді құттықтаймыз, зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасылық бақыт тілейміз:
Жеңіс Қалиұлы Мәжитовті;
Натальин Юрий Михайловичті;
Кочкин Сергей Борисовичті;
Николаев Владимир Борисовичті;
Батрашев Жанат Салкенұлын;
Шевчук Олег Степановичті;
Днишев Бекежан Картайұлын;
Оспанов Нұрлан Көбергенұлын.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.