39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасуда

39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасуда

2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы бар көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасуда.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ "ГНОМ" суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен тәуліктің күндізгі уақытында жүргізуде.
Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: қиын ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып табылады. Сонымен қатар, іздеу аумағыда үлкен. Ол үшін үнемі іздестіру аймағын кеңейтіп, мұзда жаңа жолақтарды кесіп, сүңгуірдің түсуі үшін арнайы орындарды дайындау керек.
Қарағанды облысының ТЖД төтенше жағдайлардың, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:
- ешбір жағдайда көлікпен мұз үстіне шықпаңыздар!
-балық аулауды қатаң белгіленген жерлерде жүргізу керек, өйткені бұл жерлер балық аулауға қауіпсіз!
-мұз үстінде жарықтар мен жарылулар болдырмау үшін үлкен топтарға жиналмау керек!
- жыралар мен жарықтарға жақындамаңыздар!
- түнде немесе нашар көрінетін жерлерде (тұман, жаңбыр, қар жауады) мұзға шығуға болмайды!
Ықтимал төтенше жағдайлардың кез келген алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары бойынша жедел қызметтердің кезекші қызметіне қоңырау шалыңыздар!


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі