
Крещение шомылу рәсімдерін тойлау кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық қызметтен 123 адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды.
Барлық белгіленген орындарда құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етуде. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметкерлері жабдықталмаған жерлерде суға түсуді анықтау мақсатында рейдтер жүргізеді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды жабдықталмаған жерлерде суға түсуден бас тартуға шақырады – бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі