
14 қаңтар Осакаров ауданында «Осакаровка-Молодежный» автожолының 49 шақырымында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған 3 автокөліктен 8 адам құтқарылып Молодежный кентіне жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
Теміртау қаласы блокпосттан ТЖД күштерімен кептелісте тұрған автокөліктерден 16 адам жол бойындағы кемпингке дейін жеткізілді.
Шет ауданында «Ақой-Сейфуллин-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 133 шақырымында Нұра ауылы ауданында ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен «Setra» техникалық ақаулы автобусынан Ақтоғай кентіне 32 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық.
Қатаң ұсынамыз:
- автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалау;
- ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;
- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуын жасамаңыз.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі