Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде өрттер бойынша жағдай

Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде өрттер бойынша жағдай

Жаңа жылды мерекелеу кезеңінде (2023 жылғы 30 желтоқсаннан бастап2024 жылғы 2 қаңтарға дейін) Қарағанды облысының аумағында 7 өрт тіркелді, өрт кезінде 1 адам қаза тауып, 2 бала жарақат алды.Қаза болу және жарақат алу фактілері 2023 жылғы 30 желтоқсанда Теміртау қаласында автокөлік құралдарында 2 өрт салдарынан орын алды.

7 өрттің 4-і жеке тұрғын үй секторында және 3-і автокөлік құралдарында тіркелген. Өрттердің себептері:электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу (3 жағдай), пештер мен түтін мұржаларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (3 жағдай)және отпен абайсызда жұмыс істеу (1 жағдай) болды.Теміртау қаласында 3 өрт, Қарағанды қаласында 2 өрт және Саран мен Балқаш қалаларында 1 өрт болды.

Алдын ала облыс аумағында 2023 жылдың желтоқсан айының басынан бастап жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану және пайдалану бойынша ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Пиротехника" жедел-алдын алу шараларын өткізу барысында қызметкерлер 6 813 адамды қамти отырып, 105 рейд, 245 нұсқама жүргізді. Рейдтердің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізгені үшін 33 кінәлі адамды (жалпы сомасы 1 578 375 теңгеге 33 хаттама) әкімшілік жауапкершілікке тартты, 100 килограмнан астам пиротехникалық бұйымдар сақтауға алынды.

Атқарылған жұмыстардың арқасында, облыс аумағында пиротехникалық құралдарды қолдануға байланысты өрттер тіркелген жоқ, алайда 2024 жылғы 1 қаңтарда Шахтинск қаласында 2014 жылы туған баланы жарақаттау фактісі болды, ол петарданы өз бетінше іске қосқан кезде сол жақ қолына жарақат алған.