Қысқы кезеңде, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

Қысқы кезеңде, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

21 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаевпен брифинг өтті. Брифингте спикер қысқы кезеңдегі мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ, спикер алдағы мереке күндері өрттің алдын алу мақсатында электр желісін шамадан тыс жүктемеуге, тек ақаусыз электр және газ аспаптарын пайдалануға, жанып жатқан пештерді қараусыз немесе жас балалардың қамқорлығына қалдырмауға шақырды. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өрттің пайда болуына ықпал ететін жағдайлардан сақ болыңыз.
Мереке күндері халық белсенді демалады, пиротехника, гирляндалар, жарықтандырулар алады. Жабық бөлмелерде пиротехникалық өнімдерді мүлдем қолдануға болмайды. Балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіз. Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.Сондай-ақ, спикер барлық тұрғындарды, қоғам белсенділерін, БАҚ-ты, әлеуметтік желілерді, блогерлер мен волонтерлерді осы іс-шараларға белсене қатысуға және қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға шақырды.

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!