
2023 жылғы 14 желтоқсанда Қарағанды облысының құтқарушылары арасында № 11 өрт сөндіру бөлімінің спорт алаңында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өтті.
Іс-шараның мақсаты-өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, дене шынықтыруды жан-жақты арттыру, қызметкерлерде қызметке қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді әзірлеу.
Жарысқа өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінен 18 футбол командасының қатысушылары жиналды.
Турнирдің қорытындысы бойынша табанды күресте Қарағанды қаласының №6 өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. 2-ші орында Қарағанды қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінің футболшылары болды. Абай ауданының № 21 өрт сөндіру бөлімі 3-ші орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сертификаттармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі