
2023 жылдың 11 желтоқсаны мен 13 желтоқсаны аралығында Астана қаласында құқық қорғау органдарының, арнайы және күштік құрылымдардың қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогы үшін турнирінде Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан 57 келі салмақта «Қарағанды облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ 15-ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Мұхамедрахим Нұркеев өнер көрсетіп, осы жарыстардың қола жүлдегері атанды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі