
Астана қаласында 5-9 желтоқсан аралығында қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша турнир өтті.
Туринге 18 ерлер мен 8 әйелдер командасы қатысты. Бағдарлама екі санатты қамтыды: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру.
Қарағандылық құтқарушылар командасы жақсы дайындық нәтижесін көрсетті.
Ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу бойынша финалдық жарыста қарағандылық құтқарушы Бауыржан Текенов үздік нәтиже көрсетті. Екінші орын үшін марапатты Астана қаласының спортшысы Назарбек Әнуарбеков жеңіп алды, үшінші мәре сызығын Астана қаласы құрамасының спортшысы Дмитрий Снегирев кесіп өтті.
Жалпы командалық есепте Қарағанды облысының құрама командасы мәлімделген 18 команданың ішінен 6-орынға ие болды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі