ТЖД күшімен ақаулы көліктен 6 адам құтқарылды

ТЖД күшімен ақаулы көліктен 6 адам құтқарылды

08 желтоқсанда Шет ауданында сағат 00-40-та Алматы-Екатеринбург тас жолының 908-ші шақырымында құтқарушылар ақаулы жеңіл автокөліктен 6 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялап, Ақсу-Аюлы ауылына жеткізді. Құтқарылған адамдарды ауылдың орталық мешітіне орналастырды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалаб барып жолға шығу қажеттігін ЕСКЕРТЕДІ. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сай киініңіз. Қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктердің иелері мен жүргізушілерінен қауіпсіздік шараларына баса назар аударуын сұраймыз.
Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!
Ықтимал ТЖ кез келген алғышарттарын білу үшін 112 немесе 433636, 433737 телефондары бойынша төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалыңыз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі