Жас батырлар

Жас батырлар

Бүгін, адамды құтқару жолында көрсеткен ерлігі, қаһармандығы мен жанқиярлығы үшін №82 мектептің оқушылары Фоманди Яннис (5-сынып), Фомаиди Арес (7б) және Илья Шолленбергер (6-сынып) Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттармен марапатталды.

2023 жылдың 18 қарашасында дауылды жел No82 мектеп ауласының жасанды бетін жұлып алып, сол кезде аулада болған мектеп оқушысын басып қалған. Осыны көріп, қасынан өтіп бара жатқан Яннис, Арес және Илья дереу көмекке жетіп, қиналған баланы жамылғының астынан шығаруға көмектесті. Көрсетілген көмектің нәтижесінде бала зардап шекпеген.

Янниске, Ареске және Ильяға батыл әрекеті үшін алғыс айтамыз,

Сіздер жас батырларсыз, біз сіздермен мақтанамыз. Балалардың ата-аналары мен ұстаздарына берген тәлім-тәрбиесі және құрбы-құрдастарының басына түскен жағдайға бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз. Осындай тұлғалық қасиеттермен, тәрбиемен балаларыңыз өмірде биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі