Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің 2023 жылдың 11 айындағы қызметінің қорытындылары

Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің 2023 жылдың 11 айындағы қызметінің қорытындылары

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің 2023 жылдың 11 айындағы қызметінің қорытындылары туралы хабарлады.
2023 жылдың өткен кезеңінде Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелеріне 112 және 101 желілері бойынша 357 мың қоңырау түсті.
Төтенше жағдайларды жою үшін департамент бөлімшелері 9 мыңға жуық жедел іс-шара өткізіп, 2 мыңнан астам адамды құтқарды, мыңнан астам адамды эвакуациялады, 700 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
2023 жылдың қыс мезгілінде 32 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оның барысында 362 адам құтқарылды, оның ішінде 85 бала, 118 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала, 175 адам жылу пункттеріне орналастырылды, 110 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.
Қарағанды облысының ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың келісілген іс-қимылдарының, сондай-ақ қолайлы температуралық жағдайлардың арқасында су тасқыны кезеңі әдеттегідей апатсыз өтті.
Суға шомылу кезеңінде мыңға жуық рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 3 мыңнан астам су айдындарына патрульдеу жүргізіліп, 254 мыңнан астам адамға нұсқау беріліп, судағы қауіпсіздік ережелері жазылған 86 мыңнан астам жадынамалар ұсынылды.
Біз барлық тұрғындарды, әлеуметтік белсенділерді, БАҚ-ты, әлеуметтік желілерді, блогерлер мен еріктілерді осы іс-шараларға белсене қатысуға және қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға шақырамыз.
Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі