
2023 жылғы 28 қарашада Қарағанды облысының құтқарушылары арасында № 11 өрт сөндіру бөлімінің спорт алаңында баскетболдан турнир өтті.
Спорт өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады және өрт сөндіруде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде маңызды рөл атқарады.
Жалпы жарысқа ТЖД бөлімшелері мен өрт сөндіру қызметінің 17 командасының қатысушылары жиналды.
Турнирдің ашылуында ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалды, содан кейін Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Оспанов жарысқа қатысушыларға адал және қызықты ойын тіледі.
Іс-шара жақсы эмоционалды деңгейде өтті, ойыншылардың әрқайсысында бір-бірінен үйренетін нәрселері болды.
Турнирдің қорытындысы бойынша табанды күресте Балқаш қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. 2-ші орында Өрт сөндіру қызметі басқармасының қызметкерлері жеңді. Қарағанды қаласының №10 өрт сөндіру бөлімі 3-ші орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі