
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов төрағалығымен Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов және облыстық азаматтық қорғау қызметтері басшыларының қатысуымен комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында “Қыс-2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығы және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу жайында қаралды.
Оқу-жаттығу басшысы жергілікті атқарушы органдарымен қала, аудан әкімдеріне және бірқатар басқарма басшыларына қысқы мезгілге төтенше жағдайлардың алдын дер кезінде алу бойынша тапсырмалар берді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі