Жатақханадағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Жатақханадағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

14 қарашада «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу шеңберінде барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, қаланың медицина университетінің № 4 жатақханасында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқытудың негізгі мақсаты қоғам арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс әрекеті адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алуда үлкен маңызға ие.

Сондай-ақ, жатақхана тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және сақтау тұрғысынан үгіт-профилактикалық әңгіме және әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

                                 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі