
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев баяндама жасады.
Төтенше жағдайлар департаментінде жатақханалар мен хостелдердің 55 нысаны есепке алынды.
2023 жылғы 13-17 қараша аралығында облыс аумағында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты жатақханалар мен хостеллерде өрттің алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіру болып табылады.
ТЖ департаментінің қызметкерлері полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге БАҚ-ты тарта отырып, жатақханалардың, хостеллердің иелерімен және лауазымды тұлғаларымен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіру бойынша рейдтік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгімелер өткізді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жатақхана иелері мен студенттерге облыс бойынша өрт статистикасы жеткізілді, үгіт материалдарын тарата отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Халық арасында «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру және жатақханалар персоналының, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда адамдардың іс-қимылдарын пысықтау мақсатында 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 3 өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт-құтқару бөлімшелері және облыстың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.
Тек бірлескен күш-жігермен төтенше жағдайлардың тәуекелдерін және олардың салдарын азайтуға болады!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі