
2023 жылғы 16 қарашада Қарағанды қаласында «Polymet Solutions Corporation» ЖШС арнайы экономикалық аймағында шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сабақтың тақырыбы: "Өндірістік ғимараттардағы өрттерді сөндіру".
Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылдары, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялау және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды. Сондай-ақ бөлімшелердің жедел ден қоюы, бөлімшенің жеке құрамын дабыл бойынша жинау және жіберу, өрт оқпандарын бере отырып, барлау және жауынгерлік өрістету жүргізу, магистральдық желіні тарта отырып, өрт сөндіру автомобилін су көзіне орнату пысықталды.
Сондай-ақ бөлімшелердің жедел ден қоюы, бөлімшенің жеке құрамын дабыл бойынша жинау және жіберу, өрт саптамаларын беру арқылы барлау және жауынгерлік өрістету, магистральдық желіні тарту арқылы өрт сөндіру су көзіне өрт сөндіру автокөлігін орнату жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 25 адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі