
Әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі өрт сөндіруші мамандығы екені баршамызға аян. Өйткені олар күн сайын отпен жан түршігерлік шайқасқа түсіп, азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтап қалады.
Өрт сөндіру қызметінде өздерінің кәсіби міндеттерін күнделікті жұмыста жоғары нәтижемен орындап, баға жетпес дағдылары мен тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық әулеттер бар. Оларды ең жауапты және сенімді қызметкерлер деп санауға болады.
Бүгінгі кейіпкеріміз Сергей Шестюктің өрт сөндіру әулеті оның әкесі Юрий Иванович Шестюктан басталды, ол 2000 жылдан бастап өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2016 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«Кішкентай кезімнен өрт сөндіру қызметіне 16 жылын арнаған әкемнің мамандығы мені шабыттандырды. Бала кезімнен мен оның ізін жалғастырамын деп шештім», – дейді Сергей Шестюк.
Сергей Шестюк 2019 жылы Қарағанды жоғары политехникалық колледжін ғимараттар мен құрылыстар салу мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Нұра ауданының №25 өрт сөндіру бекетіне өрт сөндіруші болып жұмысқа орналасады.
Біз өрт сөндірушілерден : «Неліктен өз жұмысыңызды жақсы көресіз және оны балаларыңызға кәсіп ретінде ұсына аласыз ба?» деп жиі сұраймыз. Сергей оның кәсібі адамдарға керек екенін, бұл болашаққа сенім ұялататынын және болашақта балаларым Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет еткісі келсе, қарсы болмаймын деп жауап берді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі