
2023 жылғы 14 қарашада Теміртау қаласының ТЖ басқармасында жатақханалардың өкілдерімен "Жатақхана" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Теміртау қаласы полиция басқармасының қызметкері және кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.
Теміртау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрмұхамед Интуев 2023 жылдың 10 айындағы өрт туралы ақпаратты қатысушыларға жеткізді, сондай-ақ жатақханаларда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар бере отырып, мәселелер талқыланды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі