
Қарағанды қаласында "Киров" шахтасының учаскесіндегі "Altin Komir Service" ЖШС-де шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Тактикалық жоспар бойынша әкімшілік-тұрмыстық ғимаратындағы бу моншасында өрт шықты. Өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылы, өрт күзеті бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялау және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды.
Нысан өкілдерімен бірлесіп кәсіпорынның 63 қызметкері эвакуацияланды. ТЖД күшімен 3 адам құтқарылды.
Сондай-ақ бөлімшелердің жедел ден қоюы, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, барлау және жауынгерлік өрістету жүргізу, магистральдық желіні тарта отырып, өрт сөндіру автомобилін су көзіне орнату пысықталды.
Оқу-сабаққа жеке құрамның 21 адамы және 4 техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі