Қарағанды қаласы ТЖ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды қаласы ТЖ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың бұйрығымен азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Хабдулин Қарағанды қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Бауыржан Бимырзаұлы бұған дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасы басшысы қызметін атқарған. 1978 жылы 5 желтоқсанда Ақмола облысы, Чистополь ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Өрт қауіпсіздігі бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Саран қаласының өртке қарсы қызметінде инспектор болып бастаған. Қызмет барысында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.
Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мұрат Қатпанов Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамына Бауыржан Хабдулинді таныстырып, ТЖД қызметін жетілдіру бойынша міндеттер қойды. Атап айтқанда, жылыту маусымы, қысқы іс-шаралар кезінде профилактикалық іс-шараларды күшейту, түрлі төтенше жағдайлардың санын азайту, әсіресе тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттауды күшейтуді тапсырды.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі