
2023 жылғы 9 қарашада Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаевтың басшылығымен «Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту»- тақырыбы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, волонтерлік ұйымдардың және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен брифинг өтті.
Сондай-ақ брифинг барысында 2023-24 жж. жылу маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында, сауда орталықтарымен 9 қабаттан жоғары биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Аманбек Бейсембаев өзінің сөзінде Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіміздің басты мақсаты екенін айқындай отырып, кез келген жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірінің кепілі екенін тілге тиек етті. Сонымен бірге қала, облыс тұрғындарымен және сауда орталықтарының иелерімен Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер халық арасында тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.
Жаңа бастама ретінде жиналған Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіріне «Қауіпсіздік мәдениеті» атты айдарда алдағы уақытта игі шараны үнемі өткізіп отыруды ұсынды. Қазақстан Республикасының Конституциясында 1-ші бапта Мемлекетіміздің басты құндылығы-Адам өмірі деген бапты аталмыш отырыста Департамент басшылығы тағы да тұрғындар назарына салды. Көптеген қойылған сауалдарға мысалдар мен жауап берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспсөз қызметі