Қарағанды облысының ТЖД жаңа орынбасар тағайындалды

Қарағанды облысының ТЖД жаңа орынбасар тағайындалды

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов департаменттің жеке құрамына Қарағанды облысы ТЖД бастығының жаңа орынбасарын таныстырды.

Министрдің бұйрығымен бұл қызметке бұған дейін Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған Аманбек Бейсембаев тағайындалды.

Аманбек Бейсембаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тумасы. Оның инженерлік және төмен температуралық физика және өрт қауіпсіздігі бойынша екі жоғары білімі бар.

Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы өрт сөндіру бөлімінің алдын алу инспекторы болып бастады.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов Төтенше жағдайлар қызметінің қызметін жетілдіру бойынша міндеттер қойды. Атап айтқанда, жылыту маусымы, қысқы іс-шаралар кезінде профилактикалық іс-шараларды күшейту, түрлі төтенше жағдайлардың санын азайту, әсіресе тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттауды күшейту.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі