Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

         Қарттар күні қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник М. К. Қатпанов азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді.

         Іс-шара барысында, бейресми жағдайда Департамент басшысы қатысушылардың барлығын мерекемен құттықтап, қарттарға қамқорлық жасаудың және азаматтық қорғау органдары, Қарағанды облысы гарнизоны қызметкерлерінің ұрпақтары арасындағы тығыз байланысты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Шара қорытындысы бойынша ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

         Облыстың барлық тұрғындарын, қызметкерлердің қарттар жасына жеткен ата-аналарын Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз, Сіздерге денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі