2023 жылғы 27 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелері тартылды.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Қарағанды облысы ТЖД-на көп қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердің жануы, жоғарғы және төменгі қабаттарда қатты түтіндеу туралы ақпарат келіп түсті. Қарағанды қаласының №5 және №10 өрт сөндіру бөлімдеріне шығу кестесіне сәйкес шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша оқиға орнына шығуға команда берілді.
Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері биік үйдегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтады, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау және арнайы техниканы пайдалана отырып адамды құтқару жүргізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізуге жеке құрамның 9 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер, балалардың терезеден құлау себептері, балалардың еркелігі туралы үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ, халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі