
2023 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысының Теміртау қаласының аумағында 2023 жылғы 21-22 қыркүйекке жоспарланған " Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және туындаған кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері" тақырыбында кешенді оқу-жаттығулардың бірінші күні өткізілді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері, Теміртау қаласы әкімдігінің аппараты, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар тартылды.
Өткізілетін кешенді оқу-жаттығудың мақсаты аудандық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерінде авариялық-құтқару қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдары басшыларының дағдылары мен іс-әрекеттерін оқыту және пысықтау, олардың бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру болып табылады.
Оқу-жаттығулар қызметтер мен ұйымдар басшыларының практикалық іс-қимыл элементтерін пысықтаумен, аудандық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғауға әзірлік дәрежелерін енгізу кезінде азаматтық қорғау құралымдарымен, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде мүмкін болатын жағдайларды модельдеумен екі кезеңде жүргізіледі.
Аудан аумағында бар электр сиреналары мен дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Аудандық шұғыл әрекет ету жиынтық отрядының және адамдарды іздеу және құтқару командасының байқауы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері басшыларының ТЖ режимінде іс-шараларды орындау бойынша тыңдаулары өткізілді.
Кешенді оқу-жаттығудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша бейбіт уақыт жағдайында ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы бағаланды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі