
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жанболатұлы Шәкенов тағайындалды.
Нұрлан Шәкенов 1978 жылы 24 қазанда Шет ауданында Ағадыр кентінде дүниеге келген. Құқықтану, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Қызмет барысында әртүрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде кадр жұмысы бөлімшелерінде жұмыс істеді. БұғандейінҚарағандыоблысы ТЖД ҚарағандықаласыТөтеншежағдайларбасқармасыныңбастығықызметінатқарған.
ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жеке құрамға Нұрлан Жанболатұлын таныстырып, оған кадр және тәрбие жұмысында жүктелген міндеттерді орындауда табыс тіледі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі