Өрт сөндірушілерді марапаттау рәсімі

Өрт сөндірушілерді марапаттау рәсімі

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Абай ауданындағы өртті сөндіруде ерлік пен кәсібилік көрсеткен өрт сөндірушілерді марапаттау рәсімі өтті. Еске салайық, Батпай орманшылығының аумағындағы «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындындағы өрт ағымдағы жылдың 8 маусымында орын алған болатын. Дәл осы күні қарағандылық өрт сөндірушілер Абай өңіріне көмекке аттанып, қиын жағдайда жоғары дайындық пен тиімді жұмысты көрсетті.
Марапаттау рәсімінде өрт сөндірушілерге Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Абай ауданының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Алғыс хаттары табыс етілді.
ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов өрт сөндірушілер жұмысының маңыздылығын және олардың облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
Марапатқа ие болған өрт сөндірушілер көрсетілген баға мен қолдау үшін алғыстарын білдірді. Олар өздерінің жұмысы қоғамға қызмет ету екенін және басқаларды құтқару үшін әрқашан өз өмірлерін қатерге тігуге дайын екенін атап өтті.
Абай өңіріндегі өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін өрт сөндірушілерді марапаттау олардың кәсіби қызметінің маңыздылығы мен құндылығының дәлелі болып табылады. Бұл сондай-ақ басқа өрт сөндірушілерге ынталандыру болып табылады және оларды азаматтардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етудегі жұмысын жалғастыруға шабыттандырады.

Қарағанды ​​облысының ТЖД баспасөз қызметі