
«АМАНАТ» партиясының қолдауымен «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға белсене атсалысқандарды марапаттау рәсімі өтті.
Абай облысындағы Батпай орманшылығының «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабындағы табиғи өртті жою кезінде өз міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін ТЖД қызметкерлері «АМАНАТ» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Әлихан Қалиев және №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Асанәлі Ділдашев.
Өрт сөндірушілер үшін жақсы атқарылған жұмыс және құтқарылған өмір үшін марапат алу - ең үлкен марапат болып есептеледі.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі