
2023 жылғы 17 тамызда Қарағанды облысы Приозерск қаласының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері» тақырыбында кешенді оқу-жаттығулардың бірінші кезеңі өтті.
Оқу-жаттығуларға Қарағанды облысы ТЖД, Приозерск қаласы әкімдігінің аппаратының, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның, эвакуациялық іріктеу комиссиясының, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының бөлімшелері тартылды.
Өткізіліп жатқан кешенді оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар басшыларының, авариялық-құтқару қызметінің күштері мен құралдарын қалалық азаматтық қорғау жүйесі жұмысының әртүрлі режимдеріне үйрету және дағдылары мен іс-әрекеттерін дамыту, олардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығын арттыру.
Оқу-жаттығулар қызметтер мен ұйымдар басшыларының практикалық іс-қимыл элементтерін пысықтаумен, қалалық азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғауға әзірлік дәрежелерін енгізген кезде азаматтық қорғау құралымдарымен, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ықтимал жағдайларды енгізумен екі кезеңде өткізіледі.
Қалада бар дауыс ұлғайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Қалалық жедел әрекет ету тобы мен іздестіру-құтқару жасағының жұмысына шолу өткізілді. Приозерск қаласында өрт қауіпті объектілердегі өртті сөндіру, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамды құтқару кезіндегі іс-қимылдарды әзірлеумен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай режимінде іс-шараларды орындау бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына тыңдаулар өткізілді.
Кешенді оқу-жаттығудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтерінің бейбіт уақыттағы дайындығы бағаланды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі