
Ағымдағы жылдың 16 тамызында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов жұмыс сапарымен Балқаш қаласына барды.
Сапар барысында Балқаш қаласындағы аумақтық бөлімшелердің дайындығы тексерілді.
Бөлімшелердің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, өңірдегі азаматтық қорғау қызметінің даму қарқыны, азаматтық қорғау қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуы түсіндірілді. Сондай-ақ ТЖД басшысы заңдылық пен тәртіпті сақтау, қызметтегі тәртіп ережелерінің нормалары, жол қозғалысы ережелерін сақтау және т.б. жөнінде айта кетті.
Ағымдағы жылдың осы кезеңге дейінгі уақытта атқарылған іс-шаралар қорытындылары бойынша тыңдаулар өткізіліп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі