
Қарқаралы ауданындағы Бақты ауылдық округіне қарасты Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында алдын ала болжам бойынша 2,02 га аумақта орман қабаты өртенді. Өртті жоюға Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері жұмылдырылды.
Бұқар жырау ауданы, Ақөре ауылдық округінде 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп, кейіннен 0,01 га аумақта «Қарағанды орман қорғау» КММ-нің Белағаш орман шаруашылығына қарасты орман алқабына көшті. Өртті жоюға ТЖД күштері мен құралдары, орман шаруашылығы қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштерімен 3 дала өрті жойылды.
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округінде, Ақтөбе ауылынан шығысқа қарай 10 шақырым жерде 25 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті ТЖД күштері мен ерікті өрт сөндіру жасақтары сөндірді.
Абай ауданында Ақбастау ауылдық округінде 1 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері сөндірді.
Нұра ауданы, Ақмешіт ауылдық округінде, Көбіккөл ауылынан 7 шақырым жерде найзағайдан 20 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Өртті ерікті өрт сөндіру бөлімдері сөндірді.
Жансары ауылдық округіне қарасты Осакаров ауданында дала өртінің бір ошағы бақылауда қалды. Найзағайдың әсерінен алдын ала 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Жоюға ерікті өрт сөндіру бөлімдері мен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері тартылды.
Табиғи өрттердің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, от жағу, ауыл шаруашылығы техникасының ұшқын сөндіргіштерінің ақаулығы, найзағай разрядтары болып табылады.
Тұрақты құрғақ ауа-райы өрттің тез шығуына ықпал етеді, ал жел өрттің бірден таралу қаупін тудырады.
Облыс тұрғындары мен қонақтарын өртке өте сақ болуға шақырамыз: сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтары және т.б. лақтырмаңыз. Өртті тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ, отты сөндірмей қалдыруға болмайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.