
4 тамызда Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың, Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Бекзат Махажановтың және көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы Саят Қуанышбековтың қатысуымен брифинг өтті.
Брифингте спикерлер шомылу, балық аулау және шағын көлемді кемелерде жүзу кезіндегі қауіпсіздік туралы айтты.
"Шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында судағы адам өліміне байланысты 10 төтенше жағдай тіркелді, онда 10 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған адам қаза тапты. Сонымен қатар, ағымдағы жылы судағы оқиғалар санының жалпы төмендеуімен балықшылардың өлімі санының артуы байқалады. Бұл ретте суға батқан балықшылардың барлығы құтқару кеудешелерінсіз жүзу құралдарында болғаны, сол арқылы шағын көлемді кемедегі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды", - деп атап өтті Ақылбек Ахметжанов.
"Балық шаруашылығы инспекциясы балық шаруашылығы су айдындары бекітілген балық шаруашылығы субъектілерімен жеке тұлғалардың спорттық (әуесқойлық) балық аулауды жүзеге асыруы кезінде су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау және су айдындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді" - деп хабарлады Бекзат Махажанов.
Сондай-ақ, азаматтар суда көлікті пайдалану ережелерін жиі бұзады. Осылайша, 29 шілдеде Теміртау қаласында Самарқанд су қоймасында жағалаудан 100 метр қашықтықта су скутерін жоғары жылдамдықпен айдап келе жатып, моторлы қайықпен соқтығысып, салдарынан 1995 жылы туған азамат ұтқару кеудешесіз суға батып кеткен.
Азаматтардың суда көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуының мұндай фактілері жиі болмасада, кездесіп тұрады, күн сайын ТЖМ құтқарушыларының жағалау белдеуін патрульдеу кезінде, суға түсу объектілерінде құтқару кеудешелері жоқ адамдарды табу фактілері жиі тіркеледі.
Шомылу кезеңі басталғаннан бері ТЖД құтқарушылары халық көп жиналатын орындарда, судағы демалыс орындарында және стихиялық жағажайларда 1000-ға жуық патрульдеу жүргізді, ЖПҚ-мен бірлесіп 400-ден астам профилактикалық рейд жүргізді, оның барысында профилактикалық әңгімемен 126 мыңнан астам адам қамтылып, судағы қауіпсіздік қағидалары бар 50 мыңнан астам жадынама табыс етілді.
Жалпы, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жалғасуда және ерекше бақылауда.
Спикерлер судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қатаң сақтауға шақырды:
- жүзу құралдарын пайдаланып балық аулау және аң аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- бұл үшін арнайы бөлінген жерлерде шомылу;
- жүзу аймағын шектеу белгілері үшін жүзбеңіз;
- бейтаныс жерлерде және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға болмайды;
- тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға болмайды;
- балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі